Шаңғымен бағдарлау

30.03.2022

Шаңғымен бағдарлау – спорттық карта мен компасты пайдаланып, жердегі бақылау бекеттері арқылы белгісіз жолдан шаңғымен сырғанау спорт түрі. Бұл спорт түрі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде өте танымал. Наурызда спорттық бағдарлаудан екі негізгі старт өтті: ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы және 20 жасқа дейінгі жас санатындағы Ұлттық чемпионат.

Студентіміз Данил Десятов спринт түрінен орта және ұзақ қашықтыққа және эстафетада сынға түсті. Ол сегіз рет стартқа шығып, 8 медаль жеңіп алды! Спортшының қоржынында 7 күміс және 1 қола медаль бар.

Жарыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының командасы Қазақстан Республикасы чемпиондарының кубогын жеңіп алып, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Команда құрамында колледждің түлектері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тоқбаев Аслан мен Назырова Әсем, сондай-ақ спорт шебері Назиров Азат болғанын атап өткім келеді. Олардың барлығы жеке біріншілікте чемпион атанды.

Спортшыларға шеберліктері мен тамаша нәтижелері үшін алғыс айтамыз!



Текст
Виртуальная приемная